«Оқуға құштар мектеп» жобасы
«Шынайы өмір жыршысы»«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай мектеп кітапханасында «Аңызды ақиқатқа айналдырған қаламгер» атты оқырман конференциясы өтті. Мақсаты: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру. «Ақиқат пен аңыз», «Махаббат, қызық мол жылдар» романдарының шығу тарихы жайында және романдарына шолу жасау арқылы адалдыққа, әділдікке, батырлыққа тәрбиелеу.