“ Заң және тәртіп”, “Есірткіге жол жоқ!”
2025 жылы 17 қаңтар күні “ Заң және тәртіп” айлығы аясында №31 орта мектебінде “Есірткіге жол жоқ!” тақырыбында 5-7 сынып оқушыларына бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды заттардың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту, ағзаға тигізер әсері мен зардаптарын түсіндіру. Жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. #Біртұтас_тәрбіе_жамбыл