01
февраль
2025
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – Қазақстанда әлеуметтік теңдік пен әділеттілікті қалыптастырудағы маңызды бастама.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – Қазақстанда әлеуметтік теңдік пен әділеттілікті қалыптастырудағы маңызды бастама. Әрбір балаға қаржылық көмек көрсетілуі олардың білім алуына, мамандық таңдауына және болашақта табыс табуына үлкен мүмкіндік туғызады. Бұл бағдарлама жас ұрпақтың қаржылық жағдайын тұрақтандыруға көмектеседі, сондай-ақ олардың болашақтағы өмір сапасын арттыруға жол ашады. Жинақтардың өсімі, сондай-ақ жинақтарды білім алу мен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жұмсау мүмкіндігі жастардың әлеуметтік тұрғыдан мобильді болуына ықпал етеді. Бұл бастама еліміздің келешегіне инвестиция салып, жас азаматтардың толыққанды өмір сүруіне негіз болады.