11
август
2025
АШЫҚ БОС ОРЫН / ВАКАНСИЯ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №31 орта мектебі» КММ бойынша қажетті мамандықтарға 2025 жылдың 11 тамыз күнінен бастап конкурс жарияланатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Лауазым атауы: Мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
(1 бірлік жүктеме, қазақша, орысша тұрақты)
Лауазымдық міндеттері:
Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен преспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды.Тәрбие жұмысының ағымдағы және преспективалық жоспарларын ұйымдастырады. Аға – жетекшілер, ұзартылған күн тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері дене тәрбиесі – сауықтыру және көркемдік – эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени – тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді;педагогикалық қызметкерлер өткізетін тәрбие процесін қамту мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеуде және орналастыруда қатысады, тәрбиелік жұмыстармен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата – аналар, білім беру ұйымының ата – аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу үрдісін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілік, қызметтер мен бөлімшелер өкілдерінің өзара іс – қимылын үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына баұқылауды жүзеге асырады. Тәрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық және көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат, конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының міндетті.
Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымы бойынша еңбек ақысы 130000 тг(еңбек өтілі, санатына байланысты )
Бос жұмыс орындар туралы хабарландыруларды Enbek.kz.сайтынан біле аласыздар.
Мекен жайымыз: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №31 орта мектебі» КММ Тараз қаласы, Төңкеріс көшесі 14, 52-67-87, ssh.31.taraz@yandex.kz Құжаттарды #57 бұйрық бойынша #31 орта мектепке қағаз түрінде өткізіңіздер! Документы по приказу #57 сдавайте в СШ #31 в бумажном варианте!