

15 қазан күні белгілі балалар жазушысы, ақын, Бердібек Соқпақпаевтың 100 жыл толуына орай мектеп кітапханасында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бердібек Соқпақбаев – ерекше дарынды жазушы. Кітап көрмесінде оның «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» секілді керемет әңгімелері мен повестері, «Шығармалары» үш томдығы «Бердібек Соқпақбаев туралы естеліктер», «Өлгендер қайтып келмейді» романы қойылған. Кітап көрме оқырмандарды жазушының шығармаларымен жүйелі түрде таныстырады. Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығымен 2024 жыл бойы жұмыс істейтін көрмеге қойылған кітаптар арқылы танысуға болады. Соқпақбаевтың көптеген шығармалары жас оқырмандарға арнап жазылған. #ақын#жазушы#балалар#әдебиеті#Бірел-біркітап#акция#кітап#шығармалар#менін#атым#қожа#повесть#