Дарменова Эльнара Тураровна » СШ №31
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
" №31 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 52-67-87
Есепші бөлімі:
+7(7262) 52-67-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дарменова Эльнара Тураровна
14
март
2025

Дарменова Эльнара Тураровна

Дарменова Эльнара Тураровна  Жамбыл облысы Луговой  ауданы Жақсылық ауылында 1971 жылы 24 қарашада   туылған. 

Білімі - жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің «Тарихшы, тарих пәнінің оқытушы» мамандығын бітірді. (ЖБ-ІІ №0137890)

Жалпы педагогикалық өтілі: 33 жыл

Лауазымдағы еңбек өтілі: 2-жыл (3 ай)

Санаты:  Педагог-зерттеуші,   ІІ біліктілік санатты орынбасар.

Е-mail, телефоны: elnara.dt@mail.ru. 8 (702) 470-14-32.        

Еңбек жолында 1991-1998 жылдары аралығында Жамбыл облысы Луговой ауданында Жамбыл орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, 2004-2006   жылдары аралығында Ақтоған орта мектебінде педагог-психолог, 2006-2008 жылдары аралығында Ақтоған орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2008-2022 жылдары аралығында   Ақтоған шағын орталықты орта мектебінде директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылы қыркүйек айының 1-нен «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы  Тараз қаласының білім бөлімінің №31 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры және тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқаруда.

Біліктілігін арттыру курстары: 2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады. (БЖ№032178. 21.04.2017ж)

2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтады. (D№003903. 2017ж. 27 ақпан-22 желтоқсан)

2018 жылы Қазақстан Республикасында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың бағдарламасы бойынша курсты аяқтады. (D№003310. 2018ж. 05.02.)

2019 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады. (БЖ№110024. 17.05.2019ж)

2022 жылы Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру мекемелері басшылары орынбасарларының кәсіби педагогикалық  біліктілігін арттыруда «Білім беру мазмұнын басқару және менеджмент» бағдарламасы бойынша 72 академиялық сағаттық курсты аяқтады. (БЖ№005985. 2022ж. 13.05.)

Марапаттары, атағы, ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы алған жылын көрсете отырып:

         2016 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі болып сайландым. (Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының жиналысының 2016 жылғы 11 мамырдағы шешімімен (№3 хаттама).

2017 жылы «Бейбітшілік Әлемі » Халықаралық Қазақ бірлестігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалі. (Куәлік №779. 06.05.2017ж)

2016 жылы ІІІ Республикалық Қазақстан Ғылымдар Академиясының «Үздік мектеп директордын орынбасары» тәуелсіз қоғамдық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталып, «Аналитикалық есебі» жинаққа енді. 

2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының «Білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудегі жүктелген міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде және белсенділік тантып «Алғыс хатпен» марапатталды.