06
май
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – Ерлік пен Елдікке тағзым!




Бүгін Астанадағы “Қазақ елі” алаңында өткен салтанатты әскери парад – ел тарихындағы айтулы оқиға болды.Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 000-нан астам әскери қызметкер, 200-ден аса әскери техника, 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ қатысқан бұл парад — еліміздің қуатты қорғанысы мен жауынгерлік рухын паш етті.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:«Жеңіс күні – батыр бабаларымыздың ерен ерлігін дәріптейтін қастерлі мейрам. Бұл – азаттық пен тәуелсіздік жолында құрбан болған жауынгерлерімізді еске алатын аса маңызды күн» – деп атап өтті.Президенттің бұл сөзі – ел үшін жанын берген аталарымызға деген терең құрметтің көрінісі. Біз бұл ерлікті ұмытпауымыз керек.Бүгінгі парад – жас ұрпаққа отансүйгіштік пен елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі болды.Мәңгілік даңқ жауынгерлерге!
Бейбіт өмір – батырлар мұрасы!
Бірлік пен тұтастық – Тәуелсіз Қазақстанның тұғыры!