«Наурызым мерекем, наурызым берекем!» атты кітап көрмесі
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай кітапханада «Наурызым мерекем, наурызым берекем!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, наурыз мерекесімен таныстыра отырып рухани адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітап көрмесінде халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар туралы әдебиеттер қойылды.