«Жомарт түлек» жобасы аясында түлектер демеушілік көмек көрсетті
«Жомарт түлек» жобасы аясында №31 орта мектептің түлектерінің демеушілік көмек көрсетуімен Наурыз айында мектеп ауласына жалпы сомасы 115.000 теңгені құрайтын 15 түп гүлденетін сәнді ағаштар және 25 түп раушан гүлдері отырғызылды. Әрбір түлектің білім алған ошағының көркеюіне үлес қосқаны азаматтық парызы деуге болады. Мектеп түлектерінің осындай игі істері жас ұрпақтың бойын жігерлендіріп, еңбекке баулиды. Өскелең ұрпақтың жақсылық жасап, қайырымдылық көрсетуіне үлгі болар азаматтарымызға айтар алғысымыз шексіз.
https://www.instagram.com/p/CqR99b4jZW1/?igsh=MXcxamdrMG8xNmV4NA==

https://www.instagram.com/p/CqR99b4jZW1/?igsh=MXcxamdrMG8xNmV4NA==


