22
август
2025
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

1.Дене шынықтыру пәні мұғалімі.1 орын.
16- сағат(тұрақты, қазақ, орыс сыныптары)
Лауазымдық міндеттері:
Оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес және «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайлды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдітері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. Электронды журналды толтырады. Жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық – қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырысына қатысады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Ата – аналар мен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды. Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талапар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс. Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог – шебер – 5 жыл.
Педагог – модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл.
Кәсіби құзіреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талапар:
1. «педагог» , (санаты жоқ):
Оқу пәнінің, оқы – тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі; білім алушылардың психологиялық – жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу – тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс – шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады.
2. «педагог - модератор»:
«педагог» санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар: оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;
3. «Педагог - сарапшы»:
«педагог - модератор» санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар: ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдыларын меңгерген, конструктивті және тәлімгерлікті іске асырады, білім беру ұйымдары деңгейінде жекелей немесе ұжым болып кәсіби дамыту басымдылықтарын анықтайды. Қала / өңір деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;
4. «педагог - зерттеуші»:
«педагог - сарапшы» санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
Сабақты зерттеу және бағалау қүұралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерліктіжүзеге асырады және даму стратегиясын конструктивті анықтайды, облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, Республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ; облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатсушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5. «педагог - шебер»:
«педагог - шебер» санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар: авторлық бағдарламалары бар болуы және республикалық оқу – әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу – әдістемелік құралдардың авторы (тең автор) бола алуы; ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, жетекшілік етуді іске асырады және облыс деңгейінде кәсіби бірлестіктердің желісін дамытуды жоспарлайды, республикалық жіне халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатсушысы болып табылуы немесе облыстық білім беру органдарының уәкілмен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлауы тиіс.
Бос жұмыс орындар туралы хабарландыруларды Enbek.kz.сайтынан біле аласыздар.
Мекен жайымыз: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №31 орта мектебі» КММ Тараз қаласы, Төңкеріс көшесі 14, 52-67-87, ssh.31.taraz@yandex.kz
Құжаттарды #57 бұйрық бойынша #31 орта мектепке қағаз түрінде өткізіңіздер!
Документы по приказу #57 сдавайте в СШ #31 в бумажном варианте!