08
март
2025
Бұрымды қыз” сайысы ұйымдастырылды
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде мектебімізде “Бұрымды қыз” сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ қызына тән қасиет пен тәрбиені мектебіміздегі өзге де ұлт өкілдеріне насихаттау, сондай-ақ бұрымы беліне түскен қыз баланың сұлулығы мен мәдениеттілігін көрсету. Осы мақсатта 1-кезеңде аруларымызға ұлттық құндылықтарымызға байланысты сұрақтар қойылды. 2-кезеңде шаш өрудің әртүрлі әдісін көрсетіп, бұрымдары бағаланды. Қатысушыларымыз сәйкесінше жүлдері орындармен, түрлі номинацияларымен марапатталып, бұрымдарына білімдері сай екенін дәлелдеді.