
Ұлы жазушы, қазақ әдебиетінің алып тұлғасының,алтын қорын байытқан тарихи романдардың авторы Ілияс Есенберлиннің 110 жыл толуына орай 9 "Б" сынып оқушыларының қатысуымен «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты оқырман конференциясы өтті. Мақсаты: еліміздің болашағы жастардың жан-жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, романдарды оқыта отырып, оларды талдап, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. І. Есенберлиннің тарихи шығармалары арқылы Отанын, туған жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.Өткізген: кітапхана меңгерушісі - Онгарбаева А.А, сынып жетекшісі - Грушко Т.А.
#ІлиясЕсенберлин#жазушы#оқуға құштармектеп#Көшпенділер#роман#