Знаменитые выпускники

Это важно!

Принц Виктор Яковлевич – профессор, доктор физико-математических наук, заведующий лабораторией физики и технологии трехмерных нано структур,                                

г. Новосибирск


 

Кәсіби бағдар беру мақсатында мектебімізде 9,10,11 сынып оқушыларына «Қазіргі заманға қажетті мамандықтар» «Болашағы зор кәсіптер» тақырыбында әңгіме-сұхбат жұмыстары өткізілді.

Кәсіби бағдар беру мақсатында мектебімізде 9,10,11 сынып оқушыларына «Қазіргі заманға қажетті мамандықтар» «Болашағы зор кәсіптер» тақырыбында әңгіме-сұхбат  жұмыстары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты - мамандықты дұрыс таңдау. Осы орайда, әрбір бітіруші түлекке өзекті деген мамандықтар тізімін білу маңызды. Іс-шараға «Зерделі» оқу орталығынан оқытушылар келіп қатысты. Әңгіме-сұхбат  барысында оқушыларға қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар тізімі көрсетіліп, сол мамандықтар жайлы толық ақпараттар ұсынылды.  Оқушылар  қосымша сұрақтар қойып , өздеріне қажетті мәліметтер алды.

«Жомарт түлек» жобасы аясында түлектер демеушілік көмек көрсетті

«Жомарт түлек» жобасы аясында №31 орта мектептің түлектерінің демеушілік көмек көрсетуімен Наурыз айында мектеп ауласына жалпы сомасы 115.000 теңгені құрайтын 15 түп гүлденетін сәнді ағаштар және 25 түп раушан гүлдері отырғызылды. Әрбір түлектің білім алған ошағының көркеюіне үлес қосқаны азаматтық парызы деуге болады. Мектеп түлектерінің осындай игі істері жас ұрпақтың бойын жігерлендіріп, еңбекке баулиды. Өскелең ұрпақтың жақсылық жасап, қайырымдылық көрсетуіне үлгі болар азаматтарымызға айтар алғысымыз шексіз.
https://www.instagram.com/p/CqR99b4jZW1/?igsh=MXcxamdrMG8xNmV4NA==​​​