Жомарт түлектермен кездесу

​​​​№31 орта мектебімізде 1-наурыз Алғыс айту күніне орай Жомарт түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Орта мектебіміздің ұжымдары мен 9 «Б» сыныбының оқушылары «Барлығы үшін рақмет!» атты Жомарт түлектерімізге  алғыс айту шарасын өткізді.
- Басты мақсат – елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету болды.


https://www.instagram.com/p/Co_wwqDMirX/?igsh=MWJmMGR5Y2h2bDZrNg==

«Жомарт түлек» акциясы

«Жомарт түлек» акциясы аясында №31 орта мектептің түлектері Губина Анастасия Александровна, Салданова Светлана Алексеевна, Тнимова Юлия Муратовна және Жолшубекулы Бектур  мектебімізге жалпы сомасы 210.000 теңге тұратын ұл балаларға  5 дана және қыз балаларға 10 дана, барлығы 15 дана қыстық аяқ киімдерді алып берді. Әрбір түлектің білім алған ошағының көркеюіне үлес қосқаны азаматтық парызы деуге болады. Мектеп түлектерінің осындай игі істері жас ұрпақтың бойын жігерлендіріп, патриоттық сезімге баулиды. Өскелең ұрпақтың жақсылық жасап, қайырымдылық көрсетуіне үлгі болар азаматтарымызға айтар алғысымыз шексіз.