03
март
2025
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын жақсарту үшін мәтіндерді талдаудың жаңа әдістері»
Бүгін ағымдағы оқу жылының 03 – 20 наурызы аралығында
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бірлестігінің
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын жақсарту үшін мәтіндерді талдаудың жаңа әдістері»
тақырыбында өтетін айлығының ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына мектебіміздің директоры Дарменова Эльнара Турарқызынан бастап, оқушылар да белсене қатысты. Қызықты викториналық сұрақтарға жауап беріп, антоним, синонимдік қатарларды сәйкестендірді. Оқушыларға тәттілер мен сыйлықтар үлестіріліп, дәмнен ауыз тиді.
