31
январь
2023
Кәсіптік бағдар жұмысы. Кәсіпорынға саяхат
31.01.2023 жылы 9-сыныптар арасында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу барысында мектебіміздің Әлеуметтік педагогы - Қадырбаева Перизат Серікбайқызы мен Кәсіби бағдар беруші педагог - Жунисова Жансая Рыскелдіқызының ұйымдастыруымен Өңіріміздің ең танымал Кәсіпорнының бірі "Сәуле" кондитерлік фабрикасына саяхат жасалды. Экскурсиямызға бизнес бағытына, кулинарлық бағытқа, тағам өнімдері мен өндіріске қызығушылықтары бар оқушылар қатыстырылды. Фабрикаға кірген сәттен тәттілердің мұрын жарар хош иістеріне қызығушылық басталды. Балалар өз қызығушылықтары шеңберінде тәжірибе жүзінде барлығын өз көздерімен көріп, зор қызығушылықпен қарап, тіпті тіл үйірер тәттілерінен дәм татып мәз-майрам көңілді экскурсиядан қуанышты жүзбен үйлеріне тарқасты.
